Спорт

Жеңілмеген ауыр салмақ боксшысы Усикпен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді

WBO Inter-Continental және WBA International тұжырымы бойынша суперауыр салмақтағы чемпион, британдық Мозес Итаума украиналық Александр Усикпен рингте кездескісі келетінін айтты, деп хабарлайды dailykz Championat басылымына сілтеме жасап.

«Алдағы жоспарым қандай? Шынымды айтсам, маған кімді қарсы қойса, сонымен жұдырықтасуға дайынмын. Әділін айтқанда, Джозеф Паркер мен Агит Кабайел Усикпен жекпе-жекке шыға алатын лайықты қарсыластар. Бірақ мен де бұл мүмкіндікті пайдаланғым келеді. Мені де сол қатарға қосыңдар!» — деді Итаума.

20 жастағы британдық боксшы өткен аптада 37 жастағы бұрынғы уақытша WBC чемпионы Диллиан Уайтты бірінші раундта нокаутпен ұтқан болатын.

Итауманың кәсіби мансабында 13 жекпе-жек бар, оның ешқайсысында жеңілген емес. 11 кездесуін нокаутпен аяқтады.

Ал Александр Усик өткен айда британдық Даниэль Дюбуаға қарсы өткен айқаста бесінші раундта нокаутпен жеңіп, ауыр салмақта екінші рет абсолютті әлем чемпионы атанды. Қазіргі таңда ол WBO белдігін қоса алғанда, барлық беделді тұжырымдардағы чемпиондық атаққа ие.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button