Спорт

Жер сілкінісі кезінде футболшы құлап қалды: Каспий маңындағы дүмпулер матч трансляциясына түсті

Дағыстанда болған жер сілкінісі футбол матчы кезінде тікелей эфирге түсіп қалды. Ойын барысында футболшының құлаған сәті мен комментатордың эмоциялық реакциясы көрермендерді таңғалдырды, деп хабарлайды dailykz.

Кадрларда не болды?

Видео SHOT Telegram-арнасында жарияланды. Онда матч кезінде камера қатты шайқалып, алаңдағы футболшының жер сілкінісінен теңселіп құлағаны анық көрінеді.

Ойын комментаторы оқиға кезінде дұға оқып, артынша матчты жалғастырып сипаттаған.
«Жер сілкінісі… бұл қатты жер сілкінісі болды», – деп әсерлі түрде пікір білдірді ол.

Қай матчта орын алды?

РИА Спорттың хабарлауынша, оқиға Дағыстандағы бір манежде өткен әуесқой турнир кезінде болған. «Магма» мен «Азерпетрол» командалары кездескен матчта футболшы афтершок салдарынан тепе-теңдігін жоғалтқан.

Комментатордың «жер сілкінісі» деген айқайына қарамастан, ойын жалғасты. Қарсылас командалар матчты 0:0 есебімен аяқтады.

Сейсмологтардың дерегі

Қазақстанның ТЖМ мәліметінше, 27 тамыз күні сағат 01:33-те жер сілкінісі тіркелген. Дүмпулердің эпицентрі Ресей Федерациясы аумағындағы Дағыстанда болған. Магнитудасы 6,0-ге жеткен жер сілкінісі Дербенттен 41 шақырым солтүстік-батыста орын алған.

Маңғыстау облысында (Ақтаудан 209 км қашықтықта) 2 баллдық дүмпу сезілген. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Дағыстан тұрғындары күшті дүмпулерді видеоға түсіріп, жаңа афтершоктан қауіптеніп, үйлерінен сыртқа шыққан.

Related Articles

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Back to top button